Азиз Балтабекұлы - Нәзік Жүрек

Текст песни

Көрінесің кейде тым суық
Жүрегін мұз басқан жандай
Өзегің өртенсе де, тұрасың күліп
Уайым қайғысы жоқ жандай
Жанарың жасқа малынды
Түсінер кім бар жаныңды
Сенде бәрі жақсы деп ойлайды бәрі
Білдірмейсің ешкімге мұңыңды
Өмір сынақ әр күн сәттерің жарқын жақын
Уайымға салынбашы өтінем
Тас жүрек қатыгез дейді сені жан дүниеңе үңілмей
Нәзік жанды құлпырған гүл екеніңді сезбей
Ұмытасың кейде білем Өкінбеші өткенге
Қайта келеді көктемде

Рекомендации