ARShAT - Алматым (ost Ғашықпын саған)

Текст песни

Қанша жанның ынтық қылған жүрегін,
Қанша жүрек әлі таппай жүр емін,
Ешкімнің де орындамас тілегін
Қатігездеу Алматым
Кәрі таулар тыныштығын күзеткен,
Ешкімді де қарсы алмайтын ізетпен.
Талай талай бұзықтарды түзеткен
Тәкаппарлау Алматым
Қанша жанды адастырып тұрақтан,
Талай талай биіктерді құлатқан,
Талай талай мықтыларды жылатқан
Ерке-шолжаң Алматым.
 
Өткізіп ап талай түрлі сынақтан,
Қанша жанды жылатып ап жұбатқан,
Көзді тартқан сонау алыс жырақтан
Тым мейірбан Алматым

Рекомендации