Жугунусов Мирас - Сенемін (OST Соңғы махаббат)

Текст песни

Өмір болса егер күрес
Жарыс, талас, текетірес
Бәрін қарсы тұрып жеңемін
Саған деген сезім себебім
Адам деген мінсіз емес
Айналамыз сағым елес
Деседе мен бізге сенемін
Сенемін мен

Гүл сыйлағанша тез солатын
Күй сыйлайын есте қалатын
Жанға азық бола алатын мәңгі
Түтін ауа, сен самал лебім

Мәнге толы әр жұтқан демім
Ешкім сенбегенде өзің ғана сендің
Табылған зор арман боп келдің
Өмір алған кезде шырмап

Болған кезде түрлі сынақ
Бізді жаным еске аламын
Содан ғана тыныш табамын
Қуанышқа толы кезең
Өтіп жатыр тек өзіңмен
Сезіміңнен қуат аламын
Жанамын мен

Рекомендации