Текст песни

Папа.
Кеудемдегі менің жүрегім
сен деп соған анық білемін.
Жер жаһанның қиындығына
қорған болар әкең тірегің.
Жаным, бөбегім, тілек төгемін
мен сені білсең жақсы көремін

Атасының жанашыры сен, қызым
апасының қарашығы сен, қызым
Мөлдіреген көздеріңді, бақыт көрдім
бір ғаламға тең, қызым.
Атасының жанашыры сен, қызым
апасының қарашығы сен, қызым
Мөлдіреген көздеріңді, бақыт көрдім
бір ғаламға тең, қызым.

Әп-әдемі гүлдей ашылып
ақ жүзіңнен шуақ шашылып.
Шыққаныңды көріп алдымнан
жұмысымнан келем асығып.
Жаным, бөбегім, тілек төгемін
мен сені білсең жақсы көремін
Атасының жанашыры сен, қызым
апасының қарашығы сен, қызым

Рекомендации