Дана Кентай - Тамырым

Текст песни

Тарихы терең жерімнің, өзегі өзен-көлімнің.
Тек тілекпенен байланған қадірі биік елімнің.
Көңілден күмбір күй ақты, үйреткен ар мен ұятты.
Даланың заңы біздерге, бабаның заңы сияқты.

Әй, тамырым үнсіз сөйлеген, жүректі қуат билеген.
Қай жаққа барып қайтсам да, өзіңдей жылу бермеген.
Тамырым үнсіз сөйлеген, жүректі қуат билеген.
Қай жаққа барып қайтсам да, өзіңдей жылу бермеген.

Жазатын ғасыр дастанға, азат күн мәңгі аспанда.
Бабамның қалған мұрасы, аманат барлық жастарға.
Арманға бірге жетерміз, бірлік пен құрмет еттерміз.
Бабамның еткен талынның, тамыры біздер екенбіз.

Әй, тамырым үнсіз сөйлеген, жүректі қуат билеген.
Қай жаққа барып қайтсам да, өзіңдей жылу бермеген.
Тамырым үнсіз сөйлеген, жүректі қуат билеген.
Қай жаққа барып қайтсам да, өзіңдей жылу бермеген

Рекомендации