Нейросеть - Шаршап бiр келiп жұмыстан (Полная ии версия)

Текст песни

Шаршап бiр келiп жұмыстан
Саясында жатпасаң
Жарық күннен не пайда
Үйіңде таңың атпаса
Бұл өмiрде қызық не
Бұзығын шулап жатпаса
Байлықты жиған не пайда
Артыңда ұрпақ қалмаса
Түн ұйқыңды бөлгізген
Сәбиден қолың талмаса
Ер жiгiттен не пайда
Қолына қару алмаса
Елiн жарын туғанын
Дұшпаннан сақтап қалмаса

Рекомендации