Рэп Тарих - Оян Қазақ (AI Орындау)

Текст песни

Оян, қазақ ойлан қазақ бол қазақ
Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ
Алашағың аз ба мына дүниеден
Болашағың емес пе еді зор ғажап

Оян қазақ ойлан қазақ бол қазақ
Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап
Ауырыңды арқала да, алға бас
Бауырыңмен не көрінді жорғалап

Мен қазақпын сен қазақсың ол қазақ
Ер мінезбен өр рухқа болма жат
Ортасына жалғыз орыс кіргенде
Орыс тілде шүлдірлейді он қазақ

Аталардан қалған асыл мұрамыз
Туған жердің қақ төрінде тұрамыз
Азаттығы ұмытылған ұлт болып
Қазақ тілі қоғамдарын құрамыз

Құрғап кеткен құлдық сіңген санамыз
Сұмдық сіңген сүйекке де Қараңыз
Тойланады мерекеміз жат жұртша
Ойланады өзге тілде баламыз

Рекомендации