Айкерім Қалаубаева - Анама

Текст песни

Мен кіммін деп мақтана алам
Талапты ғып тапқан анам
Әппақ сүтін аузыма сап
Адал бол деп баққан анам

Бесігінде шошиды деп
Түнде шырақ жаққан анам
Бал татыған тәп-тәттім деп
Көрпе қымтап жапқан анам

Көз нұрым деп, көңіл бөліп
Талай мехнат тартқан анам
Оянғанда қуансын деп
Сылдырмағын таққан анам

Көпшіл болшы, көкешім деп
Көп өсиет айтқан анам
Сөйтіп баққан қызметіңді
Қайткенде мен ақтай алам

Рекомендации