Текст песни

Мен ағамды қорғаным қылып
еркелеп өскен гүл едім
Қарындас болып, шаттанып жүріп
амандығыңды тіледім.
Мен ағамды қорғаным қылып
уайымсыз мұңсыз жүремін.
Сен аман болшы, әрдайым маған
әкемдей менің тірегім.
Ағам бар менің қамқоршым
мен үшін тағы жақсы адам.
Жүрегім менен, тілегім менен
құрметім шексіз бар саған.
Ағам бар менің қамқоршым
ағамдай кімдер болалар?
Мендегі әр тал шашымның
өзін алтыннан қымбат бағалар
Ағадай сені биік қоямын
аяқ баспаған шыңдардай.
Ағасы бар қыз дегеннің
өзі айбатым болып тұрғандай.
Бауырына басып, ақылын
берген дарасың өзің, данасың.

Рекомендации