AI Әнші - Не пайда шансон терме

Текст песни

Көгілдір көлден не пайда
Жағасы жайсыз жар болса
Су ащы, балығы аз
Жегі таяқтар болса
Көк аспаннан не пайда
Көгінде күн күлмесе
Қыздар жыған мақтадай

Ақша бұлттар жүрмесе
Бүйік таудан не пайда
Шыңында аққар жатпаса
Сылдырап аққан тау суын
Сүйсініп балдай татпаса
Жай қалған баудан не пайда
Жемісін жазда татпаса
Шаршап бір келіп жұмыстан
Саясында жатпаса

Жарық күннен не пайда
Үйінде таның атпаса
Бұл өмірде қызық не
Бұзығың шулап жатпаса
Байлықтан жыған не пайда

Артыңда ұрпақ қалмаса
Түн ұйқыңды бөлгізген
Сәбиден қолың талмаса
Ер жігіттің не пайда
Қолына қару алмаса
Елін-жарын туғанын
Дұшпаннан сақтап қалмаса
Аталы ұлдан не пайда

Рекомендации