Текст песни

Жүрегімді дір еткіздің
Қайталадым атыңды
Шын сүйетін жүрек біздің
Тыңдамайды ақылды
Оңай емес сезім деген
Жанарымнан тамды мұң
Бәлкім бағыма жолықтың бекен
Қосыла ма тағдырым
Қарағым-ай...
Мөлдіреген қарақат жанарың ай
Емін енді қалайша табамын-ай
Жүрегіме түспеген жара бұлай...
Жаным...
Қарағым-ай!
Әтір сепкен айдан ақ тамағың ай
Қызғаныштан өртеніп барамын-ай
Көздеріңнен көз алмай қарадым-ай...
Жаным...
Жүрегімді дір еткіздің
Бірақ өзің сезінбей
Қанша күн мен,түн өткіздім
Өзіңді ойлап көз ілмей
Кір шалмаған мендік сезім
Әппақ қардай жапалақ
Асау толқындай,дамыл таппайтын
Бұл не деген махаббат

Рекомендации