AI Әнші - Иман дос (Рэп терме AI нұсқа)

Текст песни

Өмірге келеді адам қайту үшін
Аллаға сансыз шүкір айту үшін
Тәніңді тапсырғанда қара жерге
Қасыңа бірге жатар қай туысың

Қоштасар жаным деген жарыңызда
Айналып қайғысымен зарымызға
Өлгенде олда саған дос болмайды
Әйтеуір серік болар барыңызда

Балаң да еріп бармас жырақ қалар
Қолынан бар келгені жылап қалар
Кезегі келген кезде келмес жақтан
Олдағы мәңгілікке тұрақ табар

Ажалдың кеткен кезде уысында
Досың да алып қалмас туысың да
Ешкімге имей кеткен ғазиз басың
Шіриді қара жердің қуысында

Сондағы сенгеніміз малымыз ба
Олдағы жолай алмас маңымызға
Жоқ әлде өлген кезде тірек болар
Атақ,даңқ тәжіңізбен тағыңыз ба

Рекомендации